Біз туралы

«STELLAR Engineering» 2007 жылы ашылған. Компанияның негізгі қызметі — автоматтандырылған мониторинг жүйелерін, инженерлік тораптар мен әлсіз тоқтарға арналған желілерді жобалау мен орнату болып табылады. Компанияның құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиялары бар. Компания халықаралық сапа стандарттарға сәйкестігіне сертификатталған. Компания қысқа мерзімде жоғары сапа деңгейін ұстана отырып инженерлік тораптарды, автоматика бөлімдерін жобалау, орнату және баптау жұмыстардың барлық кешенін орындауға қабілетті сенімді және кәсіби серіктес ретінде көрсетті.

Алдына қойылған міндеттерді уақтылы әрі ойдағыдай орындауға бізге қолданыcтағы заманауи технологиялық жаңалықтар, сондай-ақ білікті мамандардың ұйымшыл ұжымы мүмкіндік береді. Біздің қызметіміздің басты қағидаты – бұл әр Клиентке, әр жобаға жеке көңіл бөліп, ең үздік әрі заманауи техникалық шешімдерді қолдану.

Біздің ісіміздің негізгі стратегиясы – тапсырыс берушілермен, серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық қатынастарын құру. Тапсырыс берушіге қолдау көрсету үшін біз жоғары сападағы қызмет көрсету, шығармашылық маркетинг, прогрессивті баға саясаты мен өндіріс тиімділігін біріктіре отырып, ісіміздің әлеуетін барынша пайдаланамыз. Біз өз клиенттерімізге қамқорлық көзқарас білдіре отырып олардың қажеттіліктерін ескеріп қызмет етеміз.

Біздің миссиямыз Ғаламшарда өмір сүретін барлық жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ клиенттерімізге қызмет көрсетіп, қоршаған ортаны құрметтеуге бағытталған.

0 +
Жыл тәжірибе
0 +
Астам табысты жобалар
0 +
жұмыскерлер